Қаржы
1 мин оқу 410
Еуро мен доллардың құны теңесті
<p style="text-align: justify;">Еуро мен доллардың құны 20 жылда бірінші рет теңесті деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Биыл бірыңғай еуропалық валюта бағамы америкалыққа қатысты 14%-ға, ал өткен жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға төмендеген.
Еuronews.com сайтының жазуынша, еуро Ресейдің Украинаға шабуылынан туындаған дағдарыс салдарынан әлсіреді. Қысым көрсететін негізгі фактор — энергия тасымалдау құны және Ресей Федерациясынан газ жеткізуге байланысты туындаған қауіп.
Динамикаға Вашингтон мен Брюссельдің ақша-кредит саясатындағы айырмашылықтар да әсер етеді — ФРЖ базалық мөлшерлемелерді арттырады, ал ЕОБ оларды төмен деңгейде ұстайды.
Бөлісу: