Әлем
1 мин оқу 194

Хорватия Еуроодаққа қосылды

<p style="text-align: justify;">Еуропалық одақ Кеңесі Хорватияның бірыңғай еуропалық валютаға көшуін мақұлдады. Келесі жылдың басында бұл ел еуроаймаққа ресми түрде 20-шы мүше болып кіреді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Euronews сайтына сілтеме жасап.</p>

Бұл инфляция өсіп, қымбатшылық орнап жатқан одақ үшін тым қолайсыз уақытта орын алды. Хорватияда жергілікті кунадан Еуроға қайта есептеу кезінде бағаның дөңгелектенуі нәтижесінде қымбатшылық орнауы мүмкін. Алайда, қос тарап бұл тек уақытша қиындықтар екеніне сенімді,

«Бұл - Еуропалық одақ пен Еуропалық валюталық одақ үшін айтулы күн. Еліміздің Еуроаймаққа 20-шы мүше болуы да алдымызда тұрған барлық проблемаларға қарамастан, еуроинтеграцияның жалғасуының айқын белгісі», деді Хорватияның қаржы министрі Здравко Марич.

1 қаңтарда Хорватия өкілі Еуропа орталық банкі Басқарушылар кеңесінің толыққанды мүшесі атанады.

Бөлісу:
Хорватия Еуроодаққа қосылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар