Қоғам
1 мин оқу 170

ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысының полицейлері ҚР ІІМ ЕҚҚКД үйлестіруімен аймаққа синтетикалық және психотроптық есірткілерді жеткізу арнасының жолын кесу бойынша арнайы операция өткізді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

Жедел тексеру шараларының нәтижесінде, есірткіні өткізу процесіне жастарды іздеу және тарту үшін елдің шығысына келген 26 жастағы Өзбекстан азаматы ұсталды. Тінту барысында одан салмағы 500 грамнан асатын «альфа-PVP» психотропты зат тәркіленді.

– Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және соттың санкциясымен ол қамауға алынды. Қабылданған шаралармен 1 600-ден астам бір реттік доза синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, – деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Осы баптың санкциясымен 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу:
ШҚО-да есірткі жеткізумен айналысқан шетелдік жігіт ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар