Спорт
1 мин оқу 264

«Ақтөбе» алға шықты

<p class="2018-" style="text-align: justify;"><span style="font-size: 14.0pt;">Сейсенбі күні футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегеріл&shy;ген екі кездесуі өтті. Көпшілік Түркіс&shy;тандағы &laquo;Тұран&raquo; мен &laquo;Ақтөбе&raquo; ара&shy;сын&shy;дағы ойынға баса назар аударды. </span></p>

«Ақтөбе» алға шықты

Бұл ойында қонақтардың мерейі үстем болды. 34 минутта франциялық легионер Уго Видемон есеп ашса, 78 минутта Сердер Сердеров екінші голды соқты. Есеп – 2:0. Қараған­дыда «Шахтер» «Ақсуды» қабылдады. 9 минутта Тоқтар Жаңғылышбай мергендік танытса, 23 минутта Эдин Рустемович «қызыл қағаз» алды. Соған қарамастан үзіліске дейін қарағандылықтар тағы екі рет допты торда тулатты. Оның авторлары – Роман Мұртазаев пен Иван Граф. Екінші кезеңде «Ақсудың» ойын­шылары Асланбек Кәкімов пен Еркебұлан Тұңғышбаев есеп айырмашылығын қысқартты. Десек те 90 минутта Рохер Каньяс 11 метрлік нүктеден қақпаны дәл көздеп, кездесудің соңғы нүктесін қойды. Есеп – 4:2.

Түркістандағы жеңісінен кейін «Ақтөбе» жарыс кестесінде жеке-дара көш бастады. Олардың қоржынында 29 ұпай бар. Екінші орынға сырғып түскен «Астананың» басты қарсыласынан екі ұпайы кем. Үшінші орында – «Ордабасы». Шымкенттің командасы 26 ұпайды еншілеуде.

Бөлісу:
«Ақтөбе» алға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар