Коронавирус
1 мин оқу 190

4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

<p style="text-align: justify;">14 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 4 477 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, олардың ішінде 503 пациент стационарда, 3 974 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

«КВИ-ге шалдыққандардың арасында 14 адамның жағдайы ауыр, 1 пациенттің жағдайы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратының көмегімен ғана дем ала алады», делінген комиссия хабарламасында.

Сондай-ақ бүгінге дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 534 769 адам, екінші компонентін 9 317 774 адам салдырды.

Бөлісу:
4,5 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар