Қазақстан
1 мин оқу 340
«ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» біріктіріледі
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодор» компанияларын біріктіруді тапсырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Автожол саласына түбегейлі реформа жасайтын уақыт жетті. Қазір еліміздегі жолдың жай-күйін екі негізгі оператор қадағалап, қызмет көрсетеді. Турасын айтсақ, екеуі де бір жұмысты атқарып отыр, жұмысшыларының саны да қажетті шамадан артық. Соған қарамастан азаматтардан келіп жатқан орынды арыз-шағымдар азаяр емес, ал жолдың сапасы мүлде сын көтермейді», деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Осы орайда ол Үкіметке «ҚазАвтоЖол» мен «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырды.
Бөлісу: