Спорт
2 мин оқу 270
Шавқат Рахмонов MMA рейтингінде үздік ондықтан көрінді
<p style="text-align: justify;">MMAFighting.com сайты барлық салмақ санатындағы аралас жекпе-жек шеберлерінің жаһандық рейтингін жаңартты, деп хабарлады <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/shavkat-rahmonov-voshel-v-top-10-globalnogo-reytinga-mma" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Басылым рейтингі ММА ұйымымен ғана шектелмейді және әртүрлі лигалардағы (UFC, Bellator, ONE FC және т. б.) жекпе-жек шеберлерін қамтиды.
Жартылай орта салмақ дәрежесі туралы кестеде UFC-де өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Шавқат Рахмонов 13-ші орыннан сегізінші орынға көтерілді.
Еске салсақ, маусым айының соңында «Номад» тұншықтыру әдісімен америкалық файтер Нил Мэгниді жеңген еді.
MMAFighting.com сайты жариялаған материалда Шавкат Рахмоновтың UFC-де төрт жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткені айтылған.
Сондай-ақ басылым осы айда Рахмонов 8-ші орынға, бірден бес позицияға көтерілгенін жазды. Одан бөлек спортшының дауыс беру бюллетеньдерінің бірінде 3-ші орынға ие болғанын және қалған алты позиция бойынша үздік ондықтан көрінгені айтылды.
Орта салмақтағы ММА спортшыларының толық рейтингі:
1. Камару Усман
2. Колби Ковингтон
3. Хамзат Чимаев
4. Леон Эдвардс
5. Гилберт Бёрнс
6. Белал Мухаммад
7. Ярослав Амосов
8. Шавқат Рахмонов
9. Висенте Луке
10. Шон Брэди
Бөлісу: