Қоғам
1 мин оқу 294

Тамара Дүйсенова Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі

<p style="text-align: justify;">Шілде айының екінші жартысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Жамбыл облысының халқымен кездесуі жоспарланған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесуде жұмыспен қамту және халықтың табысын арттыру, сондай-ақ Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту мен кадр даярлауға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

Министрге сұрақтар мен ұсыныстарды келесі байланыс арналары арқылы жіберуге болады: ҚР ЕХӘҚМ ресми интернет-ресурсы, Egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, «Е-Өтініш» (suraqtar.kz) азаматтардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы.

Бөлісу:
Тамара Дүйсенова Жамбыл облысының тұрғындарымен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар