Қоғам
2 мин оқу 231

Қордан күтер үміт мол

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазақстан халқына&raquo; қорының төрағасы Болат Жәмішевтің Қарағандыға нендей мақсатпен келгені белгілі болды. Облыстық әкімдікте қоғам белсенділерімен өткен кездесуде ол аталған ұйымның өз жұмысының форматын түбегейлі өзгертуді қолға алмақшы екенін мәлім етті.</p>

Қордан күтер үміт мол

– Қыркүйек айында біз аза­мат­тық қоғам өкілдерін, қор донорларын, қазақстандық ірі кәсіп­орындар мен кәсіпкерлерді, Үкі­мет мүшелерін, депутаттарды шақы­рып, үлкен онлайн-конферен­ция өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы алқалы жиында біз Қордың жаңа тұжырымдамасын, қайырымдылық бағдарламалар мен жобалар нобайын бекіткіміз келеді. Сіздердің ұсыныстарыңызды есту біз үшін маңызды. Осы мақсатта өңірлерді аралаймыз, – деп атап өтті Б.Жә­мішев.

Сонымен қатар төраға «Қазақ­стан халқына» қорының бүгінгі тыныс-тіршілігі мен тың бастамалары туралы баяндап берді. Мы­салы, ұйым қазіргі уақытта ауыл­дық жерлердегі білім беруді қолдау жөніндегі тиімді жобаларды іздестіріп жатыр екен.

– Арнайы мектеп-интернаттар­ды жабдықтау бойынша жоба дайындап жатырмыз. Бұл бағдар­лама 99 мектептен өтінім алды. Сондай-ақ «100 спорт залы» бағдар­ламасын қаржыландыру басталды, – деді қор төрағасы.

Кездесу барысында қоғам бел­сен­­ділері денсаулық сақтауды қол­дауға, ерекше балалар мен мү­геде­к­тігі бар адамдарға көмек көрсе­ту­ге қатысы бар ұсыныстарын жеткізді.

Қор басшысы болса, бұл ұсы­ныс­тардың бір де бірінің назардан тыс қалмайтынын айтып, олар­дың алдағы уақытта кешенді жұ­мыс бағдарламасы аясында мүмкін­ді­­гін­ше жүзеге асырылытынына сен­дірді.

Кездесуде Қарағанды облысы­ның әкімі Жеңіс Қасымбек бүгінде жергілікті атқарушы органдар­дың әлеуметтік көмек көрсету бойын­ша жұмыс істеп жатқанын баяндады.

– Мысалы, орфандық аурулары бар емделушілерге арналған дәрі­лік препараттарды сатып алу бюджеттен қаржыландырылды. Жүйелі мәселелерді өз деңгейінде шешуге тырысамыз. Меценаттар, демеушілер де көмектеседі, – деп атап өтті ол.

Дегенмен өңір басшысы әлі де болса күрделі мәселелердің бар екенін жасырмады. Сол себепті де ол өңірдің аталған қормен өзара тиімді іс-қимыл жасауға мейлінше бейілді екенін жеткізді.

Кездесудің соңына таман «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Қарағанды облысының әкімдігі ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды.

ҚАРАҒАНДЫ

Бөлісу:
Қордан күтер үміт мол · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар