Ауа райы
1 мин оқу 280
Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды
<p style="text-align: justify;">15 шілде күні Қазақстанның көптеген қалаларында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, жұма күні еліміздегі қалалардың басым көпшілігінде атмосфералық ауа сапасы бірқалыпты болады. Тек Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл қалаларында ғана қолайсыз метеорологиялық жағдай көрініс табуы мүмкін.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.
Бөлісу: