Ауа райы
1 мин оқу 240

Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«16 шілдеде солтүстік-батыста, 16-17 шілдеде солтүстікте, 17 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Бұршақ жаууы мүмкін», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, демалыс күндері солтүстік-батыс антициклонының екпіні республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болуына әсер етеді.

Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

 
Бөлісу:
Демалыс күндері ауа райының қандай болатыны айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар