Тағайындау
1 мин оқу 752

Павлодар облысының білім беру басқармасына жаңа басшысы келді

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Павлодар облысы әкімінің өкімімен Айтқазина Самал Оспанқызы білім беру басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Самал Айтқазина өз еңбек жолын 1997 жылы Павлодар облысы Май ауданының Май орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2011-2018 жылдары Павлодар қаласының №25 жалпы орта білім беру мектебі мен дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейдің директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылдың қараша айынан қазіргі кезге дейін Павлодар қаласының білім беру бөлімінің басшысы лауазымында қызмет еткен.

Бөлісу: