Қоғам
1 мин оқу 260

«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралады

<p style="text-align: justify;">ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан сынынан кейін &laquo;Самұрық-Қазына&raquo; қорының миссиясы қайта қаралатын болды. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», деді ол.

Айтуынша, «Самұрық-Қазына» бұдан былай жеке инвестицияларды тартуға көбірек көңіл бөлуге тиіс.

«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы жеке инвестицияларды тарта отырып, жүйе құраушы жобаларға белсенді ортақ инвестицияларға баса назар аударып, қайта қаралады», деді вице-министр.

Бөлісу:
«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы қайта қаралады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар