Қоғам
1 мин оқу 240

Елордада 7 жасар баланы көлік қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Елордада көшеде велосипед теуіп жүрген 7 жасар баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 18:38-де орын алған.

«14 маусымда кешкі сағат 18:38-де «Hyundai Tucson» көлігін тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, велосипед теуіп жүрген 7 жастағы баланы қағып кетті. Бала жол-көлік оқиғасы салдарынан алған жарақатынан көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды», делінген департамент ұсынған ақпаратта.

Бөлісу:
Елордада 7 жасар баланы көлік қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар