Теннис
1 мин оқу 142

Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық Бейбіт Жукаев елордадағы Ұлттық теннис орталығында ITF сериясы бойынша өтіп жатқан M25 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жукаев жартылай финалда жарыстың екінші ракеткасы, үндістандық Праджнеш Гуннесваранмен шеберлік байқасты. Ақтау теннис мектебінің түлегі 2 сағат 6 минутқа созылған кездесуде 4:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бәсеке барысында 13 эйс жасап, 2 брейкке қол жеткізді. Бебіт елордадағы доданың финалында өзбекстандық Сергей Фоминмен бас жүлдені сарапқа салады.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жұптық сында Беларусь өкілі Иван Лютаревичпен бірге финалда эстониялықтар Даниил Глинка - Карл Саарға есе жіберді - 6:7, 3:6. 

Бөлісу:
Бейбіт Жукаев елордадағы жарыстың финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар