Теннис
1 мин оқу 180

Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның бірінші, әлемнің 42-ракеткасы Александр Бублик Ньюпорт (АҚШ) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>7</p>

Қазақстандық теннисші жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 102-орында тұрған аустралиялық Джейсон Кублермен күш сынасты. Бірінші партияда брейк жасаған Бублик сол басымдылығын сақтай алды - 6:3. Екінші сетте қарқынын тіпті үдетті - 6:2.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта А.Бублик 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық спортшы финалда рейтингте өзінен бір саты жоғары тұрған америкалық Максим Крессимен бас жүлдені сарапқа салады. Ол жартылай финалда тағы бір америкалық, әлемнің 22-ракеткасы Джон Изнерді ұтты - 6:2, 4:6, 6:3.

Бөлісу:
Александр Бублик Ньюпорт турнирінің финалына шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар