Қоғам
1 мин оқу 200

Қостанайда психикалық орталықтан науқастар қашып кеткен

<p style="text-align: justify;">Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқас қашып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ақпаратты Қостанай облыстық полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, науқастар Жамбыл ауылында өзен жағалауынан табылды.
 
«Кеше таңғы 8:00 шамасында полицияның кезекші бөліміне Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығынан екі науқастың қашып кеткені туралы ақпарат түсті. Аталған факті бойынша полицияның барлық жасақтары бағдарланды. Іздеу шараларының нәтижесінде пациенттер бүгін сағат 9.00-де табылды. Олар өзен жағалауында болған», деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
 
Ведомстовада атап өткендей, тұрғындар әлеуметтік желіде қашып кеткен науқастар ауыр қылмыс жасады деп таратқан ақпарат шындыққа жанаспайды.
Бөлісу:
Қостанайда психикалық орталықтан науқастар қашып кеткен · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар