Аймақтар
1 мин оқу 440

Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орталығы мемлекетке қайтарылады

<p style="text-align: justify;">Бас прокуратурада активтерді қайтару жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында Алматыдағы ең ірі көтерме сауда нарығын мемлекетке қайтару жоспарланып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Алматыда олигополиялардың бірінің ірі көтерме сауда нүктесіндегі үлесі бес есе төмен бағамен (нарықтық құны - 1,5 млрд бола тұра 307 млн теңгеге сатылды) сатылғаны анықталды», делінген ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Комиссияда нақтыланғандай, 2022 жылғы шілдеде мәмілені бұзу және объектіні мемлекетке қайтару мақсатында талап-арыз енгізілген.

Сондай-ақ 2019 жылы «Салтанат үйі» ЖШС атына 601 млн теңге мөлшерінде төмендетілген құны бойынша объект сатылғаны анықталды, ал нысанның нарықтық бағасы 3 млрд теңгені құрайды.

Бөлісу:
Алматыдағы ең ірі көтерме сауда орталығы мемлекетке қайтарылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар