Аймақтар
1 мин оқу 471
Ақтөбе облысында газ құю бекетінде жарылыс болды
<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Облыстық төтенше жағджайлар департаментінің хабарлауынша өрт 17 шілдеде 18:50-де басталған. Алға қаласының Абай көшесіндегі «Лимангаз» газ құю станциясында көлемі 46 текше метрлік екі цистерна жарылған.
«Жарылыс орнына 26 өрт сөндіруші мен жеті өрт сөндру көлігі аттанды. Жарылыс пен өрт салдарынан «Тойота Камри», жүк арту көлігі зардап шекті, сонымен қатар алаңы 22 шаршы метр жанар-жағар май станциясының ғимараты өртеніп кетті. Станцияның үш қызметкері дер кезінде ғимараттан шығып үлгерген», делінген хабарламада.
Сондай-ақ өрт сөндірушілер сыйымдылығы 54 және 10 текше метр болатын екі цистернанының жарылуының алдын алды.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.
Бөлісу: