Аймақтар
1 мин оқу 231

Жетісу облысында тұрғындардың жаппай судан уланғаны рас па?

<p style="text-align: justify;">Жетісу облысы Сарқан ауданы тұрғындарының судан жаппай уланғаны туралы ақпарат тарады. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Кейінгі зерттеулердің нәтижесі бойынша судың микробиологиялық және санитарлық-химиялық көрсеткіштері санитарлық нормаға сәйкес келеді. Тұрғындар аудандық ауруханаға улану шағымымен жүгінбеген», делінген Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің хабарламасында.

Айта кетейік, аталған комитет қазақстандықтарды ресми ақпарат көздеріне сенуді сұрады.

Бөлісу:
Жетісу облысында тұрғындардың жаппай судан уланғаны рас па? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар