Аймақтар
1 мин оқу 364
Қызылорда облысында марихуана плантациясы анықталды
<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысының полицейлері «Қарасора – 2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде 4116 түп сора еккен тұрғынды ұстады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>
37 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Жуантөбе ауылынан оңтүстік батысқа қарай 45 шақырым жердегі шеңгел мен сексеуіл арасында сора өсірген. Арнайы баптап өсірілген сораның ұзындығы 60-70 сантиметрге жеткен.
Осы аумаққа келген көліктердің дөңгелектерін тесу мақсатында қаскүнем ауыл маңындағы жолдарға қолдан жасалған металл шыбықтарды тастаған.
Бөлісу: