Аймақтар
2 мин оқу 530

Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады

<p style="text-align: justify;">Биыл қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Шерхан Мұртазаның туғанына тоқсан жыл толып отыр. Мерейлі датаға орай облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің қолға алуымен қайраткер қаламгердің туған топырағы Жамбыл өңірінде атқарылатын іс-шаралар аз емес.</p>

Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады

Бұған дейін қаламгердің ескерткіші қай көшеге орнатылатыны ел ішін­де әбден талқыланған болатын. Әлеу­меттік желі белсенділері де өз ұсыныс­тарын жеткізіп жатты. Күні кеше жер­гілікті қаламгерлер мен зиялы қауым өкіл­дерінен құралған комиссия мүшелері нақты шешім шығарды. Комиссия төрағасы, «Көне Тараз» қоғамдық қоры­ның президенті Мұратбек Әзімовтің айтуынша Шерағаның ескерткіші Жамбыл даңғылының бойында бой көтереді.

«Біраз уақыт бұрын өңір басшы­сы Нұржан Нұржігітов Шерхан Мұртаза­ның тоқсан жылдық торқалы тойына орай еңселі ескерткіш орнату керектігін айтып, жауапты тұлғаларға шегелеп тұрып тапсырма берген болатын. Өз сө­зінде облыс әкімі ескертішті қай көше­нің бойына орналастыру керектігін халықпен кеңесіп шешу қажеттігін айтты. Кейіннен ескерткіштің эскиздік үлгісіне қатысты байқау ұйымдастырылды. Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы елдерінен де үміткер­лер қатысты. Нәтижесінде, 17 мүсіннің үл­гісі қаралды. Комиссия мүшелері олардың ішінен үздік деп тапқан үшеуін таңдады.

Енді ескерткішті орналастыру мәсе­леге айналды. Жұрт Төле би даңғы­­лы­­ның бойындағы «Астана» шағын­­ ауданындағы қаламгер тұрған үйдің, «Шахрис­тан­дағы» жазушы атымен ата­латын руханият және тарихтану орта­лығы­ның, Ы.Сүлейменов көшесінің бойын­дағы «Жастар аллеясы» және Жамбыл даңғылының бойындағы Ха­лық­аралық Тараз инновациялық инс­титуты жатақханасының маңына орналастыру керек деген пікірді жиі айтты. Біз де әбден ақылдастық. Нәтижесінде, комиссия мүшелерінің басым даусымен Халықаралық Тараз иннновациялық инс­титуты жатақханасының алдына қою туралы шешім қабылданды. Алдағы бірер күнде осы шешім мен үш үздік мүсіннің үлгісі Нұр-Сұлтан қаласындағы мемлекеттік комиссияға жіберіледі. Нақты шешімді мемлекеттік комиссия қабылдайды, – дейді Мұратбек Әзімов.

Енді мемлекеттік комиссиядан ма­құлдау туралы хабар жетсе, ес­керт­кіш­тің құрылыс жұмыстары бірден басталады. Қысқасы әрі кетсе күз мез­гілінде Шераға­ның бейнесі Жамбыл даңғылы №75 А мекенжайында қасқайып тұратын болады.

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Шерхан Мұртазаға ескерткіш қойылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар