Қазақстан
2 мин оқу 150

Еуропалық одақ Қазақстан реформаларын қолдайды

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың Еуропалық одақтың Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Терхи Хакала бастаған делегациямен кездесті. Жиын барысында тараптар арасындағы кеңейтілген ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды.</p>

Еуропалық одақ Қазақстан реформаларын қолдайды

Кезедсуге Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің Ресей, Шы­ғыс әріптестік, Орталық Азия және ЕҚЫҰ бойынша басқарушы ди­ректорының орынбасары Люк Девинь де қатысты. Қазақстан мен ЕО арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың ағымдағы жағдайы мен перспективалары, сондай-ақ ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясы шеңберінде өңіраралық байланыстарды одан әрі дамыту мәселесі қозғалды.

Тараптар ынтымақтастықтың барлық спектрі бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және жоғары деңгейдегі тұрақты бай­ланысты атап өтті. Биылғы 4 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев және Еуропалық Кеңестің Пре­зи­денті Шарль Мишель телефон ар­қылы сөйлесті. Сонымен қатар Қа­зақ­стан мен Еуропалық одақ, сондай-ақ Орталық Азия – Еуропалық одақ диалогты одан әрі нығайтуға бағыт­талған бірқатар іс-шаралар жоспар­ланған.

«Еуропалық одақ Қа­зақ­станмен саяси, экономи­калық және өңірлік диалогты сапалы да­мытуға ерекше мән береді. Қазақстан Президенті жүргізіп жатқан реформаларды қолдап, оларды іске асыруға жәрдемдесуге дайын», деді Т.Хакала.

Осы тұрғыда еуропалық тарап ағым­дағы жылғы 5 мау­сымда өткізіл­ген консти­ту­циялық референдумның қоры­тындыларын құптады. Тарап­тар көлік-логистика саласын­дағы ынты­мақтастықты терең­детудің және Транс­­каспий халық­аралық көлік бағ­дарын дамы­тудың өзектілігін атап өтті. Энер­гетикалық және азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз етудің маңы­зына ерекше көңіл бөлінді.

Өз кезегінде Р.Василенко Еуро­па мен Азия арасындағы өзара бай­ланыс стратегиясы және «Жа­һандық қақпа» стратегиясы аясында Қазақстан Еуро­палық одақ­пен өзара тиімді ынты­мақ­тастыққа мүдделі екенін мәлім­деді. 

Кездесу қорытындысы бойын­ша тараптар екіжақты және өңір­аралық форматтағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету үшін тығыз өзара іс-қимылды жал­ғастыруға келісті.

Бөлісу:
Еуропалық одақ Қазақстан реформаларын қолдайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар