Хоккей
1 мин оқу 140

«Барысқа» жаңа ойыншы келді

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) өнер көрсететін елорданың &laquo;Барысы&raquo; маусымаралық үзілісте қатарын тағы бір легионермен толықтырды.&nbsp;</p>

«Барысқа» жаңа ойыншы келді

Атап айтар болсақ, америкалық шабуылшы Энтони Луис ҚХЛ-дің алдағы маусы­мында елордалық клуб сапында өнер көрсе­тетін болды. 27 жастағы хоккейші Солтүстік Американың түрлі лигаларында өнер көрсе­тіп, АҚШ-тың жасөспірімдер мен жастар құрамаларына шақырту алған. 18 жасында «Чикаго» командасының ойыншысы атанған ол кейінгі алты жылын Америка хоккей лигасында (АХЛ) өткізген. Ал былтырғы маусымда «Далластың» фарм-клубында өнер көрсетіп, тұрақты чемпионаттың 66 матчында 55 (24+31) ұпай жинаған.

Сондай-ақ елордалық клуб қазақстандық Батырлан Мұратов және Михаил Рахмановпен сынама келісімшарт жасағанын мәлімдеді. Келісімшарт 2022 жылдың 31 тамызына дейін жарамды. Екі хоккейші де әр жылдары «Барыс» сапында ойнаған.

Бөлісу:
«Барысқа» жаңа ойыншы келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар