Спорт
1 мин оқу 140

Вингегор жеткізбей тұр

<p style="text-align: justify;">&laquo;Тур де Франстың&raquo; жазық жолда өткен 15-ші кезеңінің жеңімпазы сприн&shy;терлік жарыста анықталды.&nbsp;</p>

Вингегор жеткізбей тұр

Alpecin-Deceuninck велоклубының намысын қорғайтын бельгиялық спортшы Йеспер Филипсен Родез бен Каркасон қалаларын жалғаған 202,5 шақырым жолды 4 сағат 27 минут 27 секундта бағындырып, кезең жеңімпазы атанды. Екінші және үшінші орындарды тағы бір бельгиялық велошабандоз Ваут Ван Арт (Jumbo-Visma) пен даниялық Мадс Педерсен (Trek-Segafredo) иеленді. Мәреге пелотонмен бірге жеткен «Астана» капитаны Алексей Луценко 44-орынға ие болды.

Жалпы есепте даниялық Йонас Вингегор (Jumbo-Visma) бес кезеңнен бері дес бермей тұр. Одан кейінгі орындарды әдеттегідей словениялық Тадей Погачар (UAE Team Emirates) мен британиялық Герайнт Томас (INEOS Grenadiers) иеленуде. Ал Алексей Луценко 12-сатыға жайғасқан.

Бөлісу:
Вингегор жеткізбей тұр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар