Қоғам
1 мин оқу 450

Алматы тауларында турист жоғалып кетті

<p style="text-align: justify;">Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристті іздеп жатыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы қаласының құтқару қызметінің мәліметінше, 28 жастағы жігіт 17 шілде күні тауға шығып, жақындарымен әлі байланыспаған.
 
«Сағат 23:35-те ТЖД пультіне азамат Бөкеевтен 17 шілде күні кешке «Көкжайлау-Ағайынды үш» бағыты бойынша ағасы Данияр тауға кеткені және осы күнге дейін оралмағаны туралы қоңырау түсті», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, сағат 23:50-де Үлкен Алматы көлінің бақылау-құтқару пунктінен құтқарушылар бригадасы аталған жерге аттанды.

Бөлісу:
Алматы тауларында турист жоғалып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар