Қоғам
1 мин оқу 382
Өскеменде бухгалтердің 13 млн теңге жымқырғаны анықталды
<p style="text-align: justify;">Полиция қызметкерлері 2020 жылдан бастап 2021 жылға дейінгі кезеңде ЖШС бухгалтері өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, жалпы сомасы 13 млн 485 мың 062 теңге ақшалай қаражатты заңсыз иемденгенін анықтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Іздестіру шаралары барысында 50 жастағы күдікті ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 189-бабы, 4-бөлігі - «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Аталған баптың санкциялары мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Бөлісу: