Өнер
1 мин оқу 360

Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің маңдайы жарқыраса, былтыр Рухия Байдүкенова жарқ ете қалған &laquo;Славян базары&raquo; халықаралық фестивалінен қазақ өнерінің қоржыны биыл да құралақан қайтпады. Атап айтқанда, 12 жасар Әлинұр Хамзин музыкалық &laquo;Славян базары&raquo; халықаралық балалар байқауында лауреат атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.</p>

Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді

Соңғы 5 жыл бойы республикалық, халықаралық ән байқаулары мен тележо­ба­ларға қатысып жүрген Әлинұр «Славян базарының» алғашқы күні Мұқағали Мақатаев­тың сөзіне жазылған «Қазағым-ай» әнін шырқады. Қазылар алқасы жер­ле­сіміздің өнерін жоғары бағалады. Жа­рыстың екінші күні жас өнерпаз Смоки Робинсонның Who's Lovin' You әнін орындады. Осы­лайша, жас әншінің жұлдызы жанып, 138 ұпай жинап, лауреат атанды.

Әлинұр Хамзин 2010 жылы Орал қала­сында дүниеге келген. Бүгінде қаладағы №27 және №1 музыкалық мектептерде білім алып жатыр. Парижде өткен Junior Euro­vision байқауы мен Ташкентте өт­кен «Роза востока» атты халықаралық са­йыс­тарға қатысқан жерлесімізді жеңісімен құт­тықтап, шығармашылық табыс тілейміз.

Бөлісу:
Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар