Әлем
1 мин оқу 360

Қытайда жер сілкінді

<p style="text-align: justify;">Сәрсенбі күні таңертең Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы - Үрімжі қаласының маңында 4,8 баллдық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қытайдың сейсмологиялық орталығы хабарлады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жер сілкінісі сәрсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:33-те тіркелген. Зілзала ошағы Қытайдың Шыңжаңдағы Чанцзи-Хуэй автономиялық ауданындағы Чанцзи қаласында орналасқан.

Жер сілкінісінің қуаты 4,8 балды құраған. Тереңдігі – 23 км.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет әзірге жоқ.

вк

Қазіргі Чанцзи қаласында 500 мыңнан астам адам тұрады. Ал жер сілкінісі ошағынан 40 шақырым жерде орналасқан Үрімжі қаласының 4 миллионнан астам тұрғыны бар.

Бөлісу:
Қытайда жер сілкінді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар