Аймақтар
1 мин оқу 262
Абай облысында әскери қызметкер қайтыс болды
<p style="text-align: justify;">Әлеуметтік желілерде ер азаматтың қарудан өз-өзін атқаны туралы ақпарат таратыла бастады. Алайда оның мұндай қадамға баруға қандай себеп итермелегені әлі белгісіз, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әскери қызметкердің өлімі жайлы ақпаратты Қорғаныс министрлігінің Әуе қорғанысы күштерінің баспасөз қызметі де растады.
«Қазір әскери қызметкердің қаза болу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары мен Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпаратты әзірге жария етуге болмайды», деп хабарлады ведомствода.
Марқұм болған азаматтың артында әйелі мен 5 баласы қалған.
Бөлісу: