Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады
<p style="text-align: justify;">Алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде солтүстік-батыс және оңтүстік циклон әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.</p>
«22 шілдеде республиканың шығысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай жарқылдап, жел күшейеді. Республиканың батыс аймақтарында аптап ыстық басылады, Қазақстанның солтүстігінде күндіз ауа температурасы +23+28 градус аралығында болады.
Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасының шамалы төмендеуіне қарамастан, ол климаттық нормада сақталады», делінген синоптиктер хабарламасында.