Оқиға
1 мин оқу 690

Шымкентте дендробақтан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Шымкенттегі дендробақтан өрт шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер саябақ аумағындағы құрғақ шөптердің жанып жатқанын анықтаған. Өрттің көлемі 0,25 гектарға жайылып, қызыл жалынды сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 24 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

«Өрт сағат 19.25-те оқшауланып, сағат 19.31-де толық сөндірілді. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Дендросаябақтың аумағы құрғақ шөптерден тазартылмағандықтан, жауапты тұлғалар ҚР ӘҚтК-ның 410-баптың 2-тармағына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылуы мүмкін», делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.

Бөлісу:
Шымкентте дендробақтан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар