Коронавирус
1 мин оқу 240

ДДҰ өкілі COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық бюросының басшысы Ханс Клюге коронавирустың омикрон штаммының кіші нұсқаларынан туындаған COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады. Ол Еуропа елдерін вакцинация мен бетперде тағуға қатысты жедел шаралар қабылдауға шақырды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.</p>

ДДҰ өкілінің айтуынша, соңғы алты аптада Еуропа өңірінде коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа жағдайларының саны үш есе өсті. Ал өткен аптада 3 миллионға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл әлемдегі барлық жаңа инфекциялардың жартысына жуығын құрайды. Клюге суық ауа райы жақындаған сайын коронавирус қарқынды таралатындығын айтты.

«Бүгін ДДҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросы инфекцияның алдағы толқындарына дайындалуға көмектесу үшін коронавирус және басқа да тыныс алу вирустарымен күресудің күзгі-қысқы стратегиясын жариялады. Әрекет ету үшін күздің келуін күтсек, тым кеш болады», деді бюро директоры. Стратегия, атап айтқанда, халықты вакцинациямен қамтуды ұлғайтуды, үй-жайларда және қоғамдық көлікте бетперде тағуға ынталандыруды, жабық үй-жайлардың желдетілуін күшейтуді көздейді», деді ол.

Бөлісу:
ДДҰ өкілі COVID-19-дың жаңа толқыны туралы хабарлады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар