Жаңалықтар
1 мин оқу 297

Геральдикалық комиссияның отырысы

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төраға­лығымен Қазақстан Президенті жанындағы Консультативтік-кеңесші орган – Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырысқа ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалармен марапаттау жұмысының жай-күйі, «Еңбек ардагері» медалінің құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ, ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Отырыс қорытындысында нақ­ты тапсырмалар мен ұсы­ным­дар берілді. Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, өзге де мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және кәсіби мамандар кіреді. Комиссияның негізгі міндеті – ведомстволық наградалардың нормативтік құқықтық актілерін және олардың геральдикалық сипаттамаларын жетілдіру.
Бөлісу:
Геральдикалық комиссияның отырысы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар