Жеңіл атлетика
1 мин оқу 730

Қазақстандық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды

<p style="font-weight: 400; text-align: justify;">АҚШ-тың Орегонда штатында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында әйелдер арасында 3000 метрге кедергілермен жүгіру жарысының финалы өтті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жарыстың негізгі фавориттерінің бірі Қазақстан өкілі Нора Джеруто болды. Ол белгіленген қашықтықты 8:53.02 уақыт аралығында жүгіріп өтіп, жеңімпаз атанды.

Бұл алтын медаль Қазақстанның жеңіл атлетика тарихындағы бірінші «алтыны» болды. Екінші орынды эфиопиялық спортшы Веркуха Гетачью (8:54.61), ал үшінші орынды оның отандасы Мекидес Абебе (8:56.08) жеңіп алды.

Бұған дейін біліктілік жарысында да Джеруто 9:01.54 уақытымен үздік нәтиже көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, Кенияның тумасы Нора Джеруто Қазақстанға 2017 жылы қоныс аударып, 2022 жылы әлем чемпионатында ел намысын қорғауға ресми рұқсат алған еді.

Бөлісу:
Қазақстандық Нора Джеруто жеңіл атлетикадан әлем чемпионы атанды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар