Коронавирус
2 мин оқу 510

Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласының санитария дәрігері Сархат Бейсенова қаланың &laquo;сары&raquo; аймаққа өтуіне байланысты шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бас шаһарда мына шараларды сақтау ұсынады:

Адамдар көп жиналатын орындарға (автовокзалдар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар, концерт залдары, театрлар, кинотеатрлар, халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО), банктер, стадиондар және басқа да спорттық құрылымдары және т. б.), ұйымдасқан ұжымдарға барған кезде, сондай-ақ қалалық қоғамдық көлікте жол жүрген кезде бетперде тағу, 5 жасқа дейінгі балаларды және тамақтану кезін қоспағанда;

қатысушылар саны 10 адамнан асатын кеңестер (отырыстар) өткізуді қашықтықтан өткізу түріне көшіру.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасы, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар, кәсіпорындардың, ұйымдардың басшылары, кәсіпкерлік субъектілері қамтамасыз етсін:

қоғамдық орындарда бетперде тағу жөніндегі ұсынымдарды сақтауды және қолды өңдеуге антисептиктерді қолдануды;

жүкті әйелдерді, COVID-19 вакцинациясына абсолютті қарсы көрсетілімдері бар қызметкерлерді және COVID-19 науқаспен байланыста болған адамдарды (дистанциялық форматта міндеттерін орындау мүмкін емес қызметкерлерді қоспағанда) қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшуді;

тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияға қарсы уақтылы вакцинация және ревакцинация бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуді болдырмау (топтарда іс-шаралар өткізуге рұқсат етілген);

дамдар көп жиналатын объектілерде, оның ішінде қоғамдық көлікте дезинфекциялау іс-шараларын жүргізу, желдету және ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуі және желдету режимін сақтау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды.

Қаулының толық мәтіні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайтында жарияланған.

Қаулы 23 шілдеде күшіне енеді.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтанның бас санитария дәрігері жаңа қаулыға қол қойды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар