Аймақтар
1 мин оқу 2,330

Көше кезген көкқұтан

<p style="text-align: justify;">Жабайы құстың у-шуы көп қа&shy;лаға кіргенін көріп пе едіңіз? Алайда мұнайлы ша&shy;һар&shy;дағы тұрғын үй алабында жайбарақат жүрген көк&shy;қ&shy;ұтан тұрғындарды таң&shy;дандыр&shy;ғаны даусыз. Құс&shy;тың тұрғын үй алабына кел&shy;уіне ұша алмағаны себеп болуы мүмкін.</p>

Көше кезген көкқұтан

Облыстық орман шаруа­шы­лы­ғы және жануарлар дүниесі аумақ­тық инс­пек­циясының бас маманы Нұрлан Иман­ға­лиевтің айтуын­ша, жабайы құсты қаладағы «Аван­гард-3» шағын ауданы тұрғынының бірі – Наталья есімді әйел ұстап алған. Ол жабайы құсты табиғи ме­кеніне жі­беру үшін еріктілерден көмек сұраған.

Ал еріктілер жабайы құс туралы д­е­рек­ті инспекцияға ха­бар­лаған. Инс­пек­ция мамандары тұрғынның үйін­де­гі жаба­йы құстың көкқұтан екенін анық­та­ды.

– Тұрғынның жабайы құсты үйі­не алып кеткені дұрыс болды. Әйтпесе, көшеде жүрген қаң­ғыбас иттер көкқұтанды талап тастауы мүмкін еді. Қазір жаба­йы құс­тардың түлейтін кезеңі өтіп жа­тыр. Сол себептен, құстар­дың ұшуы қиынға соғады. Біздің ма­­мандар көкқұтанды тек­серу­ден өткізді. Жабайы құс жара­қат алмаған, – дейді Нұрлан Иманғалиев.

Жабайы құс каналға жіберілді. Инс­пекторлардың айтуынша, таби­ғи мекендеу ортасына ұқсас канал­да көкқұтанның әл жинауына мүмкіндік бар.

Атырау облысы

Бөлісу: