Аймақтық қауіпсіздік сөз болды
<p style="text-align: justify;">Ыстықкөл жағалауында 20-21 шілдеде Шолпан-Ата қаласында Ор­та­лық Азия мемлекеттері бас­шы­­ла­рының Консультативтік кездесуі өтті. Іс-ша­­раға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Президенттері қатыс­ты.</p>

Аймақ елдері басшыларының кездесуінде аймақтық қауіпсіздікке төнген қауіп-қатерлер мен қауіп-қатерлерге бірлесіп әрекет етуде Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын нығайту мәселелері бойынша пікір алмасу, ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылау өтті. Өңір мемлекеттерінің тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды одан әрі нығайту мәселелері сөз болды.