Абақтыға есірткі кіргізбек болған елордалық ұсталды
<p style="text-align: justify;">Елордалық тұрғын есірткіні жаңғаққа тығып, Өскемендегі түрмеге кіргізбек болған, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ШҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Пошта арқылы келген сәлемдемені тексеру кезінде грек жаңғағы қабығының ішінен ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылған. Сондай-ақ қағаз орамалдың ішіне тығылған телефон және тіс пастасы қорабынан ұялы телефонға арналған құлаққап табылған. Тәріленген заттар сараптамаға жіберілді.
«Барлық келіп түскен сәлемдемелерді түзету мекемесінің қызметкерлері жан-жақты тексеруден өткізеді. Сотталғандарға алуға тыйым салынған заттар тәркіленеді. Ескертулер мен түсіндіру жұмыстарына қарамастан кейбіреулер түрме қызметкерлері байқамай қалады деп үміттеніп, заңсыз затты салып жібереді», деді ОВ 156/20 мекемесі бастығының орынбасары Ермек Айтмұқашев.