Аймақтар
1 мин оқу 261
Рудныйда пәтеріне қарасора өсірген тұрғын ұсталды
<p style="text-align: justify;">Рудный тұрғыны пәтерінде қарасора өсірген, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Қарасора өсіру үшін арнайы бөлмені жабдықтаған.
«Қарасора 2022» жедел-алдын алу іс-шаралары барысында Рудный қаласының Полиция басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 300-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Есірткі заттарына сот-сараптамалық зерттеу жүргізілуде.
Бөлісу: