Аймақтар
1 мин оқу 352

Көкшетауда жасөспірімнен мефедронға ұқсас есірткі тәркіленді

<p style="text-align: justify;">Шығыс өнеркәсіп аймағының аумағында жедел уәкілдер синтетика сатумен айналысатын 20 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұстау кезіндегі жеке тінту барысында 20 жастағы жігіттен консистенциясы ақ түсті ұнтақ тәрізді, мефедронға ұқсас 15 полиэтилен түйіншек табылды.

Тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ тергеу кезінде жас жігітке тиесілі ұялы телефон тәркіленді. Айыпталушы елордалық жоғары оқу орындарының бірінің студенті және жазғы демалыста екендігі белгілі болды.

Бөлісу:
Көкшетауда жасөспірімнен мефедронға ұқсас есірткі тәркіленді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар