Қазақстан
1 мин оқу 483

Байқоңырда «Союз МС-22» ғарыш кемесі ұшырылады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">&laquo;Байқоңыр&raquo; ғарышайлағында &laquo;Союз МС-22&raquo; басқарылатын ғарыш кемесін ұшыру үшін &laquo;Союз-2.1а&raquo; зымыран тасығышын дайындау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

«Южный» ғарыш орталығының мамандары зымыранның бірінші және екінші кезеңдерін механикалық құрастыруды жүзеге асырған соң олар ғарышайлағы учаскесінің № 31 техникалық кешенінің құрастыру-сынау корпусындағы сақтау орнына жөнелтілді.

Роскосмостың баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыстың келесі кезеңі - пневматикалық сынақтар, автономды және кешенді сынақтар, ең соңында ғарыштық зымыранның жалпы жинақтау жұмыстары.

Еске сала кетсек, Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-22» басқарылатын ғарыш кемесі бар «Союз-2.1а» зымыран-тасығышын ұшыру 2022 жылдың 21 қыркүйегіне жоспарланған. ХҒС-қа құрамында Роскосмос ғарышкерлері Сергей Прокопьев, Дмитрий Петелин және NASA астронавты Франсиско Рубио бар 68-ші ұзақ мерзімді экспедиция экипажы аттанады.

Бөлісу:
Байқоңырда «Союз МС-22» ғарыш кемесі ұшырылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар