Қоғам
1 мин оқу 240

ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті &laquo;Қазгидрометке&raquo; сілтеме жасап ауа райына қатысты ескерту жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

24-28 шілде аралығында Алматыда сынап бағанасы 36-38 градусқа дейін көтеріледі. Осыған байланысты Алматы қаласы ТЖ Департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  • Күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық киім киюге тырысыңыз және күннен қорғайтын сықпа майлар қолданыңыз;
  • Алкогольді ішімдік ішпеңіз, себебі алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;
  • Сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;
  • Денеге салмақ түсірмеңіз. Күшті жүктеме ыстықта жылу алмасуды арттырады да ағзаны сусыздануға әкеліп соқтырады;
  • Автокөліктермен ұзақ сапарларды шектеген жөн, егер бұл мүмкін болмаса, жолда мүмкіндігінше абай болыңыз;
  • Балаларды көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

Бөлісу:
ТЖД алматылықтарға ескерту жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар