Аймақтар
1 мин оқу 291

Түпқараған ауданында көліктер сел астында қалды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түпқараған ауданының орталығы Форт-Шевченко қаласынан 68 шақырымдағы &laquo;Көгілдір айлақ&raquo; теңізінің жағалауында демалып жатқан адамдар мен олардың автокөліктері нөсер жауыннан пайда болған селдің астында қалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Түпқараған ауданы әкімдігіне сілтеме жасап.</span></p>

«24 шілдеде сағат 08:28-де Форт-Шевченко қаласының өрт сөндіру бөліміне «Көгілдір айлақтағы» демалушылардан қоңырау келіп түсті. Демалыс орнына кіреберісте сел пайда болып, автокөліктердің ағып кеткендігі туралы хабарланды. Шақыру түскеннен соң Ақтау қалалық №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен вахталық автокөлігі шығып, оқиға орнына барып 10 адамды эвакуациялады. Олардың екеуі - бала», деді Түпқараған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Жолдыбек Бисенбеков.
Нәтижесінде, судан 6 автокөлік шығарылды. Эвакуациалау жұмыстарына С.Шапағатов ауылдық округынан да арнайы техника жұмылдырылды.

2207241810317402f.jpg

23 шілдеде Маңғыстау облысында нөсер жауын жауған еді.

2207241810317401f.jpg

Бөлісу:
Түпқараған ауданында көліктер сел астында қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар