Оқиға
1 мин оқу 316

Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жантүршігерлік жол-көлік апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 24 шілде күні сағат 23:00 шамасында болған.

«Республикалық маңызы бар Атырау-Орал тасжолының 19-шақырымында Toyota Prada және ВАЗ көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан ВАЗ көлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты», делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар