Коронавирус
1 мин оқу 340

Коронавирус жұқтырған балалар саны көбейді

<p style="text-align: justify;">Министрліктің жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, коронавирус жұқтырушылардың 33 пайыздан астамы балалар, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>

Коронавирус жұқтырған балалар саны көбейді

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің айтуынша, кәмелет жасына толмағандар арасында сырқаттану ауыр өтуде. Нұр-Сұлтанның өзінде 68 бала ауруханада ем қабылдап жатыр.

«Бұл балалар әлі кішкентай. Көпшілігінің жас мөлшері шамамен 5 жасар балалар. Вирусқа қарсы вакцина салатындай жасқа жетпеген», дейді ДСМ Инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова. 

Әзірге қазақстандықтарға «QazVac», «Sinopharm» және «Pfizer» вакциналары қолжетімді. Ал «Спутник» препараты елімізге әкелінбеуі мүмкін.

Ажар Лаубаева

Бөлісу:
Коронавирус жұқтырған балалар саны көбейді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар