Әлем
1 мин оқу 254

Багам аралдарында 17 мигрант қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Багам аралдары маңында катер апатқа ұшыраған. Оқиға орнында 17 адам қаза тапты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Еuronews агенттігіне сілтеме жасап.</p>

Зардап шеккендердің арасында кішкентай бала да бар.

Апатқа ұшыраған тағы 25 адам құтқарылды. Қазір олар аман-есен.

Багам билігінің хабарлауынша, Гаити азаматтары отырған жылдам жүзетін катер Майамиге жетуі керек болған. Қатты дауылдың  екпінінен катер апатқа ұшыраған.

Түрлі қаупке қарамастан, мигранттар үнемі кедейшілік жайлаған Орталық Америка мен Кариб бассейнінен кетіп, АҚШ жағалауына жетуге тырысады.

Бөлісу:
Багам аралдарында 17 мигрант қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар