Оқиға
1 мин оқу 190

Атырау облысында автокөлік 24 қойды қағып кетті

<p style="text-align: justify;">Атырау облысында жеңіл көлік 24 қойды қағып кетті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін болған. Сағат 6:30 шамасында «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 400-шақырымындағы Жантерек елді мекенінің тұсында RAVON R4 жүргізушісі 24 бас қойды қағып кеткен.

Бақташы малды жолдың белгіленбеген жерінен өріске айдап өтпек болған. Соның салдарынан 1 млн 200 мың теңгенің материалдық шығыны келген.

«Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіргені үшін қой бағуға шыққан адамға құқық бұзушы ретінде ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 408-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды», делінген полиция хабарламасында.

Бөлісу:
Атырау облысында автокөлік 24 қойды қағып кетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар