Коронавирус
2 мин оқу 230

Ауырғандар саны артуда

<p style="text-align: justify;">Екі жыл бұрын елдің есін шығарған дерт есігімізді қайта қағып тұрғандай. Қазақстан түгілі әлемнің бірқатар мемлекеті сақтық шараларын қолға алып, аурумен арпалысып жатқаны жасырын емес.</p>

Ауырғандар саны артуда

Жуырда Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында соңғы аптада коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары 3,2 есе өскенін, олардың 89%-ға жуығы екпе алмағанын және соңғы 6 айда ревакцинадан өтпегендер екенін еске
салды.

Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі мәліметі бойынша, 18 962 адам коронавирус инфекциясынан емде­луде, олардың ішінде 1 280 пациент ста­ционарда, 17 682 науқас амбула­ториялық деңгейде ем қабылдауда. Шалдыққандардың арасында 32 адамның жағдайы ауыр, 7 пациенттің жағдайы өте ауыр, 5 науқас ӨЖЖ аппаратында жа­тыр. Өткен тәулікте коронавирус инфек­циясын жұқтырудың 2 054 дерегі тір­келді. COVID-19 таралуына жол бер­меу жөніндегі ведомствоаралық комис­сияның мәліметінше, елі­мізде коронавирус инфекциясын жұқ­тыр­ғандар саны осымен 1 333 547-ге жетті.

«Кейінгі тәулікте ауырғандардың ішін­де Нұр-Сұлтан қаласында – 806, Ал­маты қаласында – 532, Шымкент қала­сында – 46, Ақмола облысында – 68, Ақтөбе облысында – 8, Алматы облысында – 83, Жетісу облысында – 84, Атырау облысында – 61, Шығыс Қазақстан облысында – 6, Абай облысында – 26, Жамбыл облысында – 76, Батыс Қазақстан облысында – 20, Қарағанды облысында – 130, Қостанай облысында – 11, Қызылорда облысында – 36, Маңғыстау облысында – 14, Павлодар облысында – 28, Солтүстік Қазақстан облысында – 8, Түркістан облысында 11 тұрғын сырқаттанды», деп жазды комиссиядан.

Ал осы күні 1 083 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Олардың ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 341, Алматы қаласында – 490, Алматы облысында – 50, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 15, Шығыс Қазақстан облысында – 26, Абай облысында – 11, Жамбыл облысында – 25, Қарағанды облысында – 59, Қызылорда облысында 63 адам сауығып шықты. Елімізде барлығы 1 301 086 адам COVID-19-
дан емделіп, қатарға қосылды. Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі күнгі ақпараты бойынша, Қазақстанда I компонентпен 10 777 490 адам, II компонентпен 10 506 442 адам вакцина салдырды. Ревакциналанғандар саны – 4 975 445 адам.

Бөлісу:
Ауырғандар саны артуда · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар