Аймақтар
1 мин оқу 450
Қызылордада 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
<p style="text-align: justify;">Қызылорданың қалалық жағажайында 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Оқиға 25 шілдеде сағат 16:24 шамасында болған. Қалалық жағажайда шомылып жүрген жасөспірім суға батып кеткен.
«Хабарлама облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түскен бойда оқиға орнына жедел-құтқару жасағынан 1 техника мен 6 құтқарушы барды. Жасақ қызметкерлері жасөспірімді батқан жерінен тапты. Баланың қаладағы мектептің бірінде тоғызыншы сынып бітіргені анықталды», деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Бөлісу: